Мемлекеттік Рәміздер: Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы танымдық материал: ту, елтаңба және әнұранның мағынасы мен тарихы.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалім кіріспесі: Рәміз деген не?
3. Топтық жұмыс (Ту, Елтаңба, Әнұран)
4. Қорытынды және «Кім зерек?» ойыны
Рәміз деген не?
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Ол адамға ой-пікір туғызады.

Мысалы:
• Орақ – еңбекті
• Таға – бақытты
• Зәкір – үмітті
• Қыран – бостандықты

Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба, Гимн) айналды.
Үш негізгі рәміз
ТУ
Тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі.
ЕЛТАҢБА
Мемлекеттік мөрлер мен ақшалардағы ажырату белгісі.
ГИМН
Өлеңге жазылған салтанатты ән.
Отан туралы мақал-мәтелдер
1. Отан отбасынан (басталады) 2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің) 3. Отан - елдің анасы, (Ел - ердің анасы) 4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас) 5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық) 7. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл) 8. Отан үшін күрес (Ерге тиген үлес) 9. Ел іші - (алтын бесік) 10. Тіл- тәуелсіздік (тірегі)
Туған жер
Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Топтық жұмыс
Сынып үш топқа бөлініп, жоба қорғайды:
«Көк аспан» тобы: Мемлекеттік Ту
«Алтын дән» тобы: Мемлекеттік Елтаңба
«Қыран» тобы: Мемлекеттік Әнұран
«Көк аспан» тобы
Мемлекеттік Ту
• Көгілдір түс – ашық аспан, бейбітшілік және амандық белгісі. • Алтын күн – байлық пен береке. • Қыран бүркіт – биік арман, еркіндік. • Ою-өрнек – қазақ халқының өнері мен мәдениеті.
«Алтын дән» тобы
Мемлекеттік Елтаңба
• Шаңырақ – еліміздің жүрегі, ортақ үйіміз. • Уықтар – халықтар достығы. • Тұлпарлар – ерлік пен қажымас қайрат. • Жұлдыз – жарық болашаққа жол сілтеу. • «Qazaqstan» – мемлекетіміздің атауы.
«Қыран» тобы
Мемлекеттік Әнұран
• Әуені: Шәмші Қалдаяқов • Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев • Әнұран – елдіктің, тәуелсіздіктің музыкалық символы. • Ресми салтанаттар мен жиындарда орындалады.
Кім зерек? Ойын
1. Құжаттарда (куәлік, аттестат, ақша) бейнеленген рәміз?
Жауабы: ...................
2. Барлық мекемелерде, Үкімет үйінде ілулі тұратын рәміз?
Жауабы: ...................
3. Салтанатты жиындарда орындалатын ән?
Жауабы: ...................
Сөз ойыны
Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
ЕЛТАҢБА
Ел, Таңба, Таң, Аң
БАЙРАҚ
Бай, ай, қар, ар
ӘНҰРАН
Ән, Ұра, Ұн, нан
Қорытынды
Рәміздер – біздің тарихымыз және болашағымыз. Оларды құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы.
2-бөлім. Білімдінің көзі ашық

– ҚР тәуелсіз мемлекет пе?

– Еліміздің бас қаласы

– ҚР президенті

– ҚР туының авторы

– ҚР елтаңбасының авторлары:
Жандарбек Мәлібекұлы.

– Әнұранымыздың авторлары:
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.

Қорытынды
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан:
Туымен – Тұғырлы,
Елтаңбасымен – Еңселі,
Әнұранымен айбатты ел!
Бірге:
Көздің қарашығындай сақтауға;
Құрметтеуге;
Мақтанышпен қорғауға;
Тұмардай сақтауға;
Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындаймыз;
Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.
- мемлекеттік рәміздер
- қазақстан
- көк ту
- елтаңба
- әнұран
- ұлттық мақтаныш
- тәрбие сағаты